Бүгін:
kz ru

8 тамыз күні Жастар аллеясында облыстық халық шығармашылығының ұйымдаструымен Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ел Жүрегі -Астана» атты Жуалы ауданының мәдениет және өнер күндеріне арналған мерекелік іс шара өтті.

8 тамыз күні Жастар аллеясында облыстық халық шығармашылығының ұйымдаструымен Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ел Жүрегі -Астана» атты Жуалы ауданының мәдениет және өнер күндеріне арналған мерекелік іс шара өтті. Оған Тараз қаласы мен көрші Түркістан облысынан мәдениет және өнер саласының өкілдері келіп қатысты. Бұл топты облысымызға белгілі азамат Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, жазушы-драматург, Жамбыл облыстық қазақ драма театрының директоры Болат Бекжан бастап келді. Облыстан келген қонақтар іс шара басталғанға дейін аудан орталығына кіре берістегі «Жуалы ауданының Құрметті азаматтар» мен «Мәңгілік ел» саябақтарын тамашалады. Содан кейін тақыоыпқа сай безендірілген «Жастар» аллеясына беттеді. Алдымен аллея алдындағы қаз қатар тізілген шатыр астындағы қол өнер туындылары мен суретшілер салған суреттермен танысты. Алтыбақан қасындағы жастардың өнерін көріп, махаббат монументінің алдында Мурат Назарбеков мен Гүлнар Кашкееваның қыз бен жігіт айтысын ұйып тыңдады. Ақындарға қол соғып қошемет көрсетті. Мерекелік шараны Мыңбұлақ пен Жуалы халық театрының актерлары сахналық қойылыммен ашты. Ортаға батырлар мен бірге хан бейнесін сомдаған актер Ерболат Қаттебеков шығып, тарихтан сыр шертіп, халықтың бірлігін, Астананың асқақтығын баян етті. Осыдан кейін «Қызғалдак» ән би ансамблінің бишілері «Шаттық» биін биледі. Кешті аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының өнерпазлары Ербол Бекжанов пен Мадина Сванбаева жүргізді. Мерекенің ашылуында алғашқы құттықтау сөз Бауыржан Момышұлы ауылының әкімі Бақыт Калышбаевқа берілді. Келесі сөз кезегі Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, жазушы-драматург, Жамбыл облыстық қазақ драма театрының директоры Болат Бекжановқа берілді. Киелі сахнада Мадина Сванбаева «Отырардағы той» әнін нақышына келтіріп орындады. Аудан өнерпаздарының орындауында «Майда қоңыр», «Туған жер», «Бүлдірген», атты халық әндері, «Атамекен», «Елім менің» «Жайлауым бақша жайнаған», «Қазақстаным» атты патриоттық әндер орындалып, халық күйлері ұлттық асппаптар ансамблінің сүйемелдеуімен тартылды. Ұлттық билер биленді. Сондай ақ аудандағы өнер мектері мен Жаңабаевтар отбасылық ансамблінің өнерпаздары да ауданда өткен мәдениет және өнер күндерінің жақсы өтуіне өз үлестерін қосты.


















 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз