Бүгін:
kz ru

«Атадан –аманат, ұрпаққа - ұлағат» ұлттық дәстүрлер фестивалі

30 маусым. Тұңғыш рет Жұлдызы биік Жуалы жерінде, жасыл желекке оранған Бауыржан Момышұлы саябағында Елбасымыздың»Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші жобасын іске асыру мақсатында аудандық «Атадан –аманат, ұрпаққа - ұлағат» ұлттық дәстүрлер фестивалі өтті. Іс шараға жиналған халық дертке дауа, жанға шипа берер бал қымыздың мерекесі аясында, қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесін тамашалап, әсем ән мен тәтті күйлер тыңдап жанға азық болар тамаша думан тойға куә болды. . Мәдениет үйі қызметкерлері театрландырылған көрініс қойды.Фестиваль барысында Қымызқұмарлар, батагөйлер,суретшілер, қымызбаптаушылар байқаулары және де қыз қуу, аударыспақ, теңге ілу, тоғызқұмалақ сынды ұлттық ойындарымыз ойнатылды.Қымыз - бойыңа қуат, ойыңа сана, дертіңе дауа, денеге күш береді, сары алтындай бал қымыз қазақы дастарханның сәні де, әні де.
«Атадан –аманат, ұрпаққа - ұлағат» ұлттық дәстүрлер мерекесі мәңгіге мәнін жоймас құндылықтар қорының бірі-табтғаттың ең жүйрігі жылқыға байланысты ата дәстүрімізді сақтау, сабақтастығын жалғастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.





































 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз