Бүгін:
kz ru

9 мамыр Жуалы ауданында таңғы 9 -00 де аудан орталығындағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар рухына арналған монументке гүл шоқтарын қою рәсімі басталды.

Жуалы ауданында таңғы 9 -00 де аудан орталығындағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар рухына арналған монументке гүл шоқтарын қою рәсімі басталды. Бір минут үнсіздік жарияланды. Аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов бастаған аудан әкімдігі және аудандық мәслихат аппараты, соғыс және еңбек ардагерлері, еңбек ұжымдары кезекпен сап түзеп келіп, монументке гүл шоқтарын қойды. Әрі қарай мерекелік іс-шара Алаңға жиналған қауымды Ұлы Жеңіс мерекесімен аудан әкімі Бақтияр Көкбосынов құттықтап, бүгінде қатары сиреп бара жатқан Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңа шаттық, береке тіледі. Мерекелік іс-шара әрі қарай аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Осыдан кейін ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлері, ауған соғысының қатысушылары әскери лашықта дайындалған солдат кашасынан ауыз тиді.















 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз