Бүгін:
kz ru

14 наурыз күні Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының үлкен залында «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты ұстаздардың өнер фестивалі өтті.

14 наурыз күні Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының үлкен залында «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты  ұстаздардың өнер фестивалі өтті.  Фестивальда барлығы 27  музыкалы номер көрсетілді. Ерекше  өнер көрсеткендер   А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің хорының орындауындағы «Қазақстан» әні,  Қуанышев Ришад Алшынбекұлы  басқарған оркестрдің орындауындағы халық күйі «жайма қоңыр», № 15  орта мектебінің  «Қаражорға» биі,  №29 орта мектеп ұстазы Төлебаева Әйгерімнің Әбдіхаппар Айтоқұлының «Жуалы суреті» атты көркемсөзі, Абдикасымова Бекзаданың қойған «Корей биі», Нұршуақ балабақшасының орыс биі,  № 1 мектеп гимназиясының «Мәңгілік ел» биі, Көшкимбаева  жанна «Рухани жаңғыру» атты көркемсөзі, Шақпақ арауларының «Тарту» биі, Ерлан Сазанбаев орындаған «Екі жирен»әні,  № 29 мектептің «Сазсырнай» биі, Сегізбай Айдананың «Астанаға тарту» әні көрермен көңілінен шықты. 

 















 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз