Бүгін:
kz ru

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мереке Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығында 7 наурыз күні сағат 11.00 де өткізілді.

«Ана деген теңдесі жоқ ұлылық» атты 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне  арналған  мереке Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығында 7 наурыз күні сағат 11.00 де өткізілді. Мереке барысында Жуалы ауданының қыз келіншектерін  аудан әкімі  Көпбосынов Бақтияр Бейсенбайұлы және аудандық маслихат  хатшысы Тілеубеков  Ерғали Өтемісұлы  құттықтап  құрмет грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті. Сонымен қатар  Залға жиналған қыз келіншектерге құттықтау открыткасы және гүл шоқтары салтанатты түрде таратылды. Мерекеде облыстық филармония әртістері өнер көрсетті.

Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналар, мейірімді әжелер, әдемі арулар!

Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз.

Сіздер өздеріңіздің ізеттіліктеріңізбен, сыпайлықтарыңызбен өмірді шуақтандырып, жақындарыңыз бен туыстарыңызға жылу сыйлайсыздар.
Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге тең келер нәрсе жоқ. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысымыз шексіз!

Бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс-құт тілейміз. Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын! Әрқашанда шаңырақтарыңыздың берекесі болып, жүздеріңізден нұр шашып жүре беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық пен баянды бақыт тілейміз!














 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз