Бүгін:
kz ru

«Бір өлең, бір әуен» ән-жыр кеші

Елбасының «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру»  мақаласының  мақсаттарын жүзеге асыру мақсатында  «Бір өлең, бір әуен»  ән-жыр кеші Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығында  өткізілді.  Іс шараға  Жуалы ауданының әкімі Көпбосынов Бақтияр  Бейсенбайұлы, «Бір өлең бір әуен»  жобасының авторы Халықаралық «Алаш сыйлығының  иегері, белгілі ақын  Ғалым Қалибекұлы, Қазақстанның Еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері, ақын Маралтай  Райымбекұлы  қатысты. Жалпақ  қазақ жұртына  танымал Жуалы өңірінен  шыққан   ақындар мен  сазгерлер Мырзахан Ахметов, Абдіхаппар Айтақов, Бауыржан Үсенов, Елікбай Исаев, Нұржан Әліш, Қойшыбай Төремұратов, Нұржан Манасұлының  әндері мен жырларын Жуалының  әншілері  Гүлнар Кашкеева,  Малик Мықтыбеков, Толқын Қыстаубаева, Салтанат Мейржанқызы, Айбар Сәбит, Мадина Сванбаева  шырқады.  Іс шара өткізудегі мақсатымыз  сахнада  танымал  ақындарға өлең оқытып, олардың  сөзіне жазылған әншілердің  орындап, қазақ поэзиясын биікке көтеру болып табылады. Іс шара 2018 жылдың 8 ақпан күні өтті.

     





 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз