Бүгін:
kz ru

Наурыз мерекесі Жуалы ауданында кең көлемде атап өтілді

"Көппен көрген ұлы той"Наурыз мерекесі ауданымызда кең көлемде атап өтілді.Ауданда Ұлыстың Ұлы күні – әз Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар негізінен аудан орталығындағы Жастар аллеясында, аудандық орталық саябақта және Ақсай ауылдық округінің Қайрат ауылында орналасқан Бауыржан Момышұлы атындағы саябақта ұйымдастырылды. Барлық іс-шаралардың коронавирустық пандемияға байланысты енгізілген карантин талаптарын қатаң сақтай отырып, өткізілгенін атап өткен жөн.Қарсаңда күні-түні төккен жауын таң ата ғана толастады. Табиғат-Ана да жуалылықтардың Ұлы мерекені атап өтуге дайындалып жатқанын білгендей, оң шырай  танытты. Аспанды қаптаған сұр бұлттың арасынан бір сәтке ғана қылтиып көрініп қалатын күн «мен сендерге жақын жердемін, көп кешікпей келемін» деп қол бұлғайтындай. Жабырқау көрінген ауа райы көпшіліктің көңіл-күйін түсіре алмады, қайта мерекедегідей көтеріліп, жадырай түсті.Жастар аллеясында аудандық «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара қызып сала берді. Ұлттық киім киген қыздар мен бозбалалар Алтыбақанға тербеліп,  білек күші қарымды жастар кір тасын көтеруден, ал балалар асық атудан өзара сайысып жатты.Аудан әкімі Олжас Қаржауов мереке қарсаңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен бастау алған республикалық «Бұл – менің ағашым»  таза табиғат акциясы аясында Жастар аллеясында алма ағаштарын отырғызу шарасына қатысты. Аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубеков, аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Естемес Аманбеков, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сейітхан Жұмашев, ауданның бас имамы Нұрлан Әмірбаев, ардагерлер және жастар бір-бірден жеміс ағашын отырғызды.Олжас Есалханұлы отырғызылған ағаш көшеттеріне, аллеядағы басқа да жеміс ағаштарын күтіп-баптау үшін суғару жүйесін жөнге келтіру, келешекте жеміс ағаштары көшеттерін өзімізде өсіріп, оны тұрғындарға арзан бағамен өткеру керектігін ескертті.Шағын сахнада жастардың күшімен ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны тамашалаған аудан әкімі Олжас Қаржауов барша жуалылықтарды әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, шаңырақтарға шаттық, құт-береке, ынтымақ тіледі.







 






и ещё 3







54Вы, Maqpal Suiinbai, Ақтөбе Ауылдық Клубы и ещё 51

Комментарии: 1

Поделились: 1



Нравится



Комментировать



Поделиться







Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз