"ЖАМБЫЛ ОҚУЛАРЫ" аудандық байқауы өткізілді.
Бүгін, 21 ақпан - Халықаралық ана тілі күніне орай онкүндік іс-шаралар жоспары аясында, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай, ақынның шығармашылығын насихаттау, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, жандандыру мақсатында "ЖАМБЫЛ ОҚУЛАРЫ" аудандық байқауы өткізілді. Байқау шарты бойынша 18-38 жас аралығындағы 16 үміткер қатысты.Үміткерлер өнерін бағалау кезінде Жамбылдың шығармаларын жатқа, мәнерлеп оқу шеберлігіне, дауыс мәнері мен тіл тазалығына, жасаған бейнероликтің сапасы мен идеялық мазмұнына, сахна мәдениеті және киіміне назар аударылды. Байқау нәтижесі бойынша аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының "Мыңбұлақ" халық театрының режиссері БЕКЖАНОВ ЕРБОЛ І дәрежелі дипломмен, Нұрлыкент ауылдық округіндегі #5 М.Ломоносов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі АБДИЖАПБАРОВА АҚНҰР ІІ дәрежелі дипломмен, Ақтөбе ауылдық округі, Жаңаталап ауылдық клубының маманы БЕКБОЛАТОВА АҚТОЛҚЫН ІІІ дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқауға қатысқан үміткерлер бөлімнің алғысхатымен марапатталды#100жылжырлағанжүрек#жыралыбыЖамбыл






