«Ғибратты керуен» Жуалы ауданында
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық ардагерлер кеңесінің бірлескен жобасы «Ғибратты керуен» бүгін Жуалы ауданына келді.
Жуалы аудандық кітапханасындағы коворкинг залында өткен басқосуды аудан әкімі Нарбай Ергебеков ашып берді. Бұдан кейін Облыстық ардагерлер кеңесінің Төрағасы Еркінбек Солтыбаев сөз сөйлеп, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраларымыз жайында кеңінен әңгіме өрбітті.
Орталық саябақта аудандық "Қызғалдақ" халықтық ән-би ансамбліне ҚР мәдениет саласының үздігі, күйші Е.Рысметов шеберлік сағатын өткізді.
ҚР еңбек сіңірген әртісі М. Әлімбетова "Жуалы", "Мыңбұлақ" халықтық театрларының ұжымына актер шеберлігі мен сахна мәдениетінен сала бойынша сабақ берді.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көпшілікке Ұлы Абайдың әжесі Зере ананның бейнесі арқылы жақсы таныс Нұрсипат Салықова саябақты саялап отырған бүлдіршін балаларға халық ауыз әдебиетін еске салып, ертегі айтып берді.