7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай аудандық «Достық» мәдениет үйінде салтанатты жиын болып өтті.
7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай аудандық «Достық» мәдениет үйінде салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиынға 91678 әскери бөлімінің сарбаздары мен аудан тұрғындары қатысты. Жиынның ашылуында аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов құттықтау сөз сөйлеп, аудан азаматтарын Отан қорғаушы күнімен құттықтап, ел тыныштығын қорғап жүрген офицерлер мен сазбаздарға өзінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын, «Нұр Отан» партиясының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын тапсырды. Сонымен қатар залға жиналған қауымды аудандық маслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубеков те құттықтап, маслихаттың Алғыс хатын тапсырды. Іс-шараның соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Концертте аудан өнерпаздарымен бірге «Жаңабаевтар» отбасылық ансамбілің де өнерпаздары өнерлерін паш етті. Ал 7 мамыр күні «Достық» мәдениет үйінің залында, ЛЕЭД экраннан аудан тұрғындары Астанада Отан қорғаушы күніне орай өткен әскери парадты тікелей эфирден тамашалады.