Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерейтойы ауданда жылдағы қалыптасқан дәстүрмен атап өтілді.
Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерейтойы ауданда жылдағы қалыптасқан дәстүрмен атап өтілді. Таңғы 9 -00 де аудан орталығындағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар рухына арналған монументке гүл шоқтарын қою рәсімі басталды. Бір минут үнсіздік жарияланды. Аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов пен аудандық маслихат хатшысы Ерғали Тлеубеков бастаған аудан әкімдігі және аудандық мәслихат аппараты, соғыс және еңбек ардагерлері, еңбек ұжымдары кезекпен сап түзеп келіп, монументке гүл шоқтарын қойды. Әрі қарай мерекелік іс-шара орталық алаңда жалғасын тапты. Алаңды Ауған соғысының ардагерлері аудандағы орта мектептердің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері мен Қ.Сағындықов, Т.Тастандиев, Г.Орджоникидзе атындағы орта мектептердің және тағы басқа бірнеше мектептің жасұландары жауынгерлік саппен жүріп өтті. Алаңға жиналған қауымды Ұлы Жеңіс мерекесімен аудан әкімі Бақтияр Көкбосынов құттықтап, бүгінде қатары сиреп бара жатқан Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңа шаттық, береке тіледі. Мерекелік іс-шара әрі қарай аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен «Жуалы» фольклорлық ансамблінің концерттік бағдарламасына ұласты. Осыдан кейін ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлері, ауған соғысының қатысушылары әскери лашықта дайындалған солдат кашасынан ауыз тиді.