Бүгін:
kz ru

«Ынтымағы жарасқан, туған өлке – Қазақстан!» 1 мамыр –Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі елімізді мекен еткен 130 –дан астам ұлттар мен ұлыстарға ортақ мейрам.

«Ынтымағы жарасқан, туған өлке – Қазақстан!» 1 мамыр –Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі елімізді мекен еткен 130 –дан астам ұлттар мен ұлыстарға ортақ мейрам. Олардың тілі мен түрі, діні мен ділі бөлек болғанымен тілектері бір. Ол көк байрағымыз желбіреген тәуелсіз Қазақстанда тату –тәтті күн кешіп, бір –бірінің қызық қуаныштарына ортақтасу. Биылғы мейрам да осындай ізгі тілектермен басталды. Орталық алаңдағы сахнаға сай безендірілген сахна төрінен әдеттегідей туған жер, Отан, тәуелсіздік, достық туралы әуендерден құралған радиоконцерт беріліп тұрды. Мерекелік шараны тамашалауға жиналғандардың қарасы бұл жолыда қалың. Олар Жамбыл көшесінің бойынан бстау алған аудан мекемелері мен ұйымдары, этномәдени бірлестіктердің өкілдерінен сап түзеген салтанатты шеруді осы жерде қарсы алды. Алаңға жиналған көпшілікті аудан әкімі Бақтияр Бейсенбайұлы құттықтады. Қазақстан елінің бүгінгі таңдаған жолы –бейбітшілік пен келісім жолы. Тұрақтылық пен келісім –біздің басты жетістігіміз. Ата бабаларымыз сонау қиын – қыстау шақтарда жер ауып келген өзге елді жатсынбай тамыр жайды.Еліміздегі бүгінде салтанат құрған ұлтаралық келісім, азаматтық татулық соның мәуелі жемісі. Олардың әрқайсысы қазақ топырағын өзінің екінші Отаным деп түсінеді.

1 мамыр мерекесінің тарихы терең. Оның тойланып келе жатқанына бір ғасырдан асты. Ал еліміз егемендік алғалы бері аталған дата Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқының бірлігі күні болып аталып өтілуде. Айтулы мейрам баршамызға ортақ, татулық пен тыныштық орнаған отанымызда халықтар достығы мәңгілік жасай берсін! Бұл жаулылықтардың тілегі – деді Бақтияр Бейсембайұлы.

Бүгінде Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік аренада өзіндік орны бар. Алдағы қатарлы мемлекеттермен терезе теңестірдік. Оған Отанымызды мекендеген әр ұлт өкілдерінің тамшыдай болсын үлесі бар. Олармен көк аспанымыз, жеріміз бен суымыз, ауамыз ортақ. Демек салт –дәстүріміз бен мәдениетіміз де солай болуы тиіс. Салтанатты шеру соның жалғастырған мерекелік концерттің де меңзегені осы болды.



 

Комментарии 1

Аяжан 21 қараша 2017 20:32
Оооо, спасибо вам!

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз