Бүгін:
kz ru

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай аудандық «Достық» мәдениет үйінде барша аналар мен әйелдер аналар қауымына арналған салтанатты жиын болып өтті.

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай аудандық «Достық» мәдениет үйінде барша аналар мен әйелдер аналар қауымына арналған салтанатты жиын болып өтті. Шара «Ана –Нұр көктем !» атты мәдени іс- шара аясында өрбіді. Мерекелік шараны мәдениет үйінің режиссерлары мен әртістері Ербол Бекжанов, Ерболат Каттебеков, Есжан Исмаилов, Ержан Сулейменкулов әжеге, анаға, жеңгелер мен қыздарға деген арнау өлеңдерімен ашылды. «Қызғалдақ» ансамблінің әншілері «Анаға сәлем» әнін орындады. Ән орындалып болған соң залдағы барша аналар мен әйелдер қауымына аудан әкімінің атынан сый –сияпат үлестірілді. Әйелдер қауымын аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов мерекелерімен құттықтап, Елбасы жарлығымен берілгелі отырған «Күміс алқаны» иелеріне тапсырды. Кештің көңілді өтуіне өз өнерлерін аудандық мәдениет үйінің әртістері қыз – келіншектерге тарту етті. Кештің  

  қонағы Анна Бундер аналарға арналған әндерін орындап, көрермен қошеметіне бөленді.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз