Бүгін:
kz ru

"Ерлік даңқы - мәңгілік!"

2020 жылдың 13 ақпаны күні Б.Момышұлы ауылы мәдениет үйінде "Жастар ресурстық орталығы" мекемесі және №16 Жуалы колледжі, Білім бөлімі, Қорғаныс істері бөлімі мен Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің бірлесіп ұйымдастыруымен жастарға патриоттық тәлім - тәрбие беру мақсатында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай, "Ерлік даңқы - мәңгілік!" атты Ауған соғысы ардагерлерімен жастардың кездесуі өтті. Шараға АӘД пәнінің ұстаздары мен патриоттық клубтардың мүшелері қатыстырылды. Шараны ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Нарымбеков ашып, өз сөзінде қазіргі таңда ардагерлеріміздің ерліктеріне алғыс білдіре отырып жастарды елін жерін сүйюге және отан алдындағы борыштарын өтеуге шақыра отырып мерекелерімен құттықтады. 
Шара барысында Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет қөрсетіліп "Жастар ресурстық орталығы" мекемесінің директоры М.Телеушов "Ауған соғысы ардагерлерінің ұйымына" Жуалы ауданының қоғамдық жұмыстарына белсенділік танытып, жастар арасында патриоттық тәлім-тәрбие беруде жоғары деңгейде атсалысқандары үшін жастардың атынан алғысын білдіріп, алғыс хат пен естелік сыйлықтарын табыстады.










 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз