Бүгін:
kz ru

Халықтық атағы бар көркемөнерпаздар ұжымдарының аттестациясы

21 қазан күні аудандық мәдениет үйінде "Халықтық" (үлгілі) атағы бар көркемөнерпаздарының кезекті аттестациясы болып өтті. Кезекті аттестацияға мәдениет үйі жанынан құрылған "Аса сазы" халықтық ансамблі мен "Дарын" халық театры өз атақтарын қорғап және осы атаққа жаңа ұжым ретінде "Әдемі ай" дуэті ұсынылды. Аттестацияны бағалауға ОХШО директоры Ғ. К. Садырбаев бастаған комиссия мүшелері келді. Сахнаға алдымен "Аса сазы" халықтық ән-би ансамблі шығып, халық әндері мен халық композиторларының сондай ақ шет ел музыканттарының туындыларын орындады. Кезек "Дарын" халық театрына келіп, Б. Мұқайдың "Сергелдең болған серілер" атты комедиясын сахналады. Үшінші болып "Халықтық" атаққа ұсынылып отырған "Әдемі ай" дуэті сахнаға шықты. Жас болса да жеткен жетістіктері жетерлік жас дуэт, халық әндері мен халық композиторларының әндерін жанды дауыста және гитара аспабының сүйемелдеуінде орындап шықты, 3 сағатқа жалғасқан шара толығымен фото және бейнетаспаға түсірілді. Қорытынды облыс бойынша барлық көркемөнерпаздардың аттестациясы аяқталған соң арнайы құрылған комиссияның шешімі жарияланатын болады.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз