"Ауылым алтын бесігім" Қаракемерауылында
Қаракемер ауылы Төлеби орта мектебінде «Ауылым алтын бесігім атты өнер байқауы болып өтті. Мектеп алаңда қолөнер шеберлерінің туындылары және кітап көрмелері қойылған «Ауылым алтын бесігім» атты баннер ілінген. Мерекені ауыл ақсақалы ақ тілектерімен батасын айту үшін Балқыбеков Ақатай сөз сөйлеп ашты. «Жұлдыз» балабақшасының мың бұралған бишілері «Белес» биін тарту етті.»Жұлдыз» балабақшасының қызметкерлері «Қыз ұзату» салт –дәстүрлерінен көрініс көрсетті.»Ауылым алтын бесігім»атты мерекелік іс –шараға қатысқан ауыл өнерпаздары жиналған көпшілікке ән шашуларын тарту етті.