Бүгін:
kz ru

"Ауылым алтын бесігім" Қарой ауылында

Кеше ауылым Қарой ауылдық округінде "Ауылым алтын бесігім" өнер байқауы болып өтті. Көп ұлтты ауыл тұрғындарының біршамасы кешкілік үй тірлігін аяқтап, кешкі серуен жасауға "Бәйтерек" маңындағы алаңға бет алды. Жастар жылына орай арнайы ұйымдастырылып отырған байқауға мейлінше ауылдың жас өнерпаздары қатысты. Шара басын "Еркеназ" би тобы қазақы биімен ашып, көрерменнің ықыласына бөленді. Мәдени ұйымдастырушы мен кітапханашы, сондай ақ мектеп, балабақша, ауылдық әкімдік қызметкерлері де белсене ат салысқан аталған шара көрерменнің ойынан шықты. Сахна ұлттық нақышта безендіріліп, қазақы дастарханның түрлі дәмдері қойылған бұрыш та көрініс тапты. Қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан бірегей өнер туындылары да көрермен назарына ұсынылды. Кешқұрым аяқталған шара соңы ауыл жастарының мерекелік би кешіне ұласты.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз