«Тараз симфониясы» атты өнер фестивалі
Бүгін Жамбыл аудандық мәдениет үйінде облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Тараз симфониясы» атты өнер фестивалінің аудандық іріктеу кезеңі өтті. Мәдени шығармашылықты қолдау және ілгерілету, облыс аумағында классика, джаз, романс жанрларын дамыту, өнерлі, дарынды орындаушыларды анықтау, олардың бойында музыкалық – эстетикалық тәрбиені жетілдіріп, орындау шеберлігін арттыруды мақсат еткен байқауға қатысқан 26 үміткер «Аспапта орындау», «Вокал» кезеңдері бойынша өнер көрсетті.
Сахнада өнерлі өрендер жанды дауыспен ән шырқап, фортепиано, гитара, үрмелі аспапа, дарбука, баян секілді аспаптармен көркем шығармалар орындады. Олардың өнерін тамашалаған ОХШО директоры Ғ. Садырбаев төрағалық еткен қазылар алқасы өз бағаларын берді. Нәтижесінде, Орынбасар Бақытұлы, Әлібек Айбек, Гүлжанар Керімқұлова, Бибінұр Бердібек, Дәулет Бақтиярбек, Ердос Бейбітбай әр жанрда үздік шығып, облыстық фестиваль іріктеуіне жолдама алды.