Бүгін:
kz ru

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламасы аясында «Ұлы дала, тарихи дана» атты кездесу кеші өтті.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламасы аясында аудандық мәдениет үйінде тарихшы Малдыбаев Нышанбек ағамызбен «Ұлы дала, тарихи дана» атты кездесу кеші өтті. Кешке аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері мен жастар арнайы қатысты. Елбасының бағдарламасында айтылған қазақ елінің рухани құндылықтары саналатын, бай мұрасының мәйегі іспеттес дүниелерге тоқталған тарихшы Н. Малдыбаев ел дамуына ерекше дем беретін бағдарламаның маңызы зор екенін баса айтты. Қатысушылар арасыннан сұрақтарға толыықанды жауап беріп, аудан жастарын белсенділікке шақырды. Елбасы жолдауында белгіленген «Жастар жылын» негізге ала отырып, еліміздің ертеңі білімді, белсенді, жан – жақты жастар екендігі даусыз. Сондықтан да ұлт көшбасшысының межелеген барлық бағдарламасына атсалысуға шақырды.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз