Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына арналған «Ауғанның отты жалыны» атты Ауған соғыс ардагерлерімен кездесу кеші
Ақбұлым ауылдық округінің әскери есеп жүргізушісі Аскарова Гүлдерайым, ауыл кітапханашысы Жүнісбекова Гүлзат, мәдени ұйымдастырушы Бекова Сәуле және жастар ісі-жөніндегі кеңесшісі Кемалова Айдананың ұйымдастыруымен 2019 жылдың 12 ақпан күні Ақбүлым ауылының әкімшілік акт залында «Ауғанның отты жалыны» атты мерекелік іс шара өтті.Мерекелік кешті ашып беру салтанаты ауыл әкімі Сағынбек Тұрарұлына берілді.9 жыл 10 айға созылған соғыс мыңдаған адамдардың өмірін өзгертіп,қаншама қайғы қасірет әкелгені сөзсіз. Сол соғыс туралы мағлұматтар базасын нығайту үшін Ақбұлым ауылдық округінің әскери есеп жүргізушісі Гүлдерайым Нұрматқызы сөз сөйлеп, барша соғыстан оралмаған жауынгерлерімізді 1 минут үнсіздікпен еске алдық, әкімшілік қызметкерлері атынан мақтау грамотасымен бірге сый-сиапат табыс етілді.Кеш соңы концерттік бағдарламамен ұласты. Баймырза Бесбаев мектеп гимназиясының «ЖасҰлан» ұйымының оқушылары «Мен қазақпын» әнін хормен орындаса, Лесбек Айханым «Я, Казах!» арнауын оқыды. Каникулова Айгерім мен Шеріпбаева Жазира «Афганский вальс»әнін тамылжыта орындаса, Орган Елнұр мен Жайылхан Бақтияр «Өрлеу» күйін орындап, Шорабек Айжан «Тәуелсіз қазақтың қызымын!» әнімен кешті аяқтады. Келген қонақтар ауылымыздағы ауған соғысына қатысқан ардагерімізге тілектерін,жылы лебіздерін білдірді.Кеш өте жоғары деңгейде өткізілді.