Бүгін:
kz ru

"Жамбыл-менің жай атым, халық-менің шын атым" атты республикалық ақындар айтысы

Бүгін Жамбыл аудандық мәдениет үйінде "Жамбыл - менің жай атым, халық - менің шын атым" атты республикалық ақындар айтысы өтті. Айтысқа ауданымыздың 8 ақыны (4 жұп) өнер көрсетті. Айтысқа қазылық еткен қазылар құрамы да елімізге танымал айтыскер ақындар, мәдениет саласының үздіктері қазылық етті. Атап айтсақ ҚР мәдениет саласының үздігі Ахметжан Өзбеков, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ербол Қамбатыров, Айтыскер ақын Айтмұханбет Исақов. Айтысты Жамбыл ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Уалиұлы Сырлыбаев ашып, ақындарға ақ жол тіледі. Айтыс барысында қыз бен жігіттің де, қайны мен жеңгенің де әзілі жарасқан құрдастардың да айтысын көре алдық. Тартысты өткен жыр бәйгесіне келген көрермендер де дән риза тарқасты. Қатысқан барлық ақындарға бірдей ОХШО атынан алғыс хат және ұйымдастырушылар (аудан тарапынан) бағалы, ынталандыру сыйлықтарымен қоса дипломдар табысталды.  3 орынды Өрнек ауылының жас айтыскер ақыны Шапағат Сәбитқызы, 2 орын Айса ауылынан қатысқан Айжан Сырымбетова, жүлделі 1 орынды Құрманов Нұрлыбек иеленді.

Комментарии 1

shukala 17 қаңтар 2019 12:42
Жарайсыңдар!

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз