Жаңа 2019 жыл
31 желтоқсан күні сағат 18:00 де Жамбыл ауданының орталық алаңында Жаңа жылдық мерекелік кеш өтті. Аудан, ауыл тұрғындары орталық алаңға жаңа жыл мерекесін қарсы алуға жиналды. Шара басын аудан әкімі ашып көпшілікті мерекемен құттықтап өтті. Мерекелік көңіл күймен жүрген тұрғындарға аудан өнерпаздары әсем ән мың бұралған би мен жаңа жылдық маскарад қойылымждар ұсынды. Жиналғандарға тегін лоттореялар таратылып бағалы сыйлықтар да ойнатылды. Ыстық шай мен дәмді бәліштер де жиналушыларға ұсынылды. Шара соңында өнер көрсеткен балабақша мекеме ұжымдары марапатталып, би кешімен жалғасын тапты.