Мәуліт айы
19 Желтоқсан аудандық мәдениет үйінде Пайғамбарымыз (С. А. У) туылған күніне орай Мәуліт мерекесі аталып өтті. Шара басы аудандық Бәйдібек мешітінің имамы Ғ. Қуанышбекұлының құттықтауымен басталды. Кейіннен Айша бибі мешітінің имамы Тәжібаев Қатарбай құран оқыды. Шараға жиналған жамағат пен ауыл жастарына берер тәрбиесі бар Ата-ана қадірі атта қойылымын "Дарын" халық театры көрерменге ұсынды. Тараз қалалық Әулиеата мешітінің имамы мен Айшабибі мешітінің имамы Мәуліт оқыды. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өсиет термелер мен рухани мәні бар әуезді әндер айтып, мерекелі берекелі кештің шырайын кіргізді. Шара соңы жамағатқа арнайы әзірленге мешіт жанындағы шайханада дастархан дәмімен жалғасты.