Бүгін:
kz ru

Ұлттық валюта - Теңге күні

16 Қараша күні Ұлттық валюта Теңгенің 25 жылдығы және Қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиыны болып өтті. Тәуелсіздік нышаны ұлттық теңгемізге де ширек ғасыр толып қалды. Осы салада қызмет жасап жүрген сала қызметкерлері аталған шарада марапат иелері атанды. Кеште алғаш болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ж. Әлижанұлы көпшілікті ұлық мерекемен құттықтады. Аудан әкімінің құрмет грамотасы, алғыс хаты және НұрОтан партиясы мен аудандық маслихаттық құрмет грамотасы сала қызметкерлерінің бірқатарына табысталды. Саналы ғұмырын қаржды саласына арнаған ардагерлер де табылды осы жиыннан. Кеш соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының дайындаған мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз