Бүгін:
kz ru

14 қараша "Жалпыхалықтық диктант"

14 Қараша Жалпыхалықтық диктант өткізілгені мәлім. Бұл шараға барша Қазақстандықтармен қоса Жамбыл ауданы да белсене ат салысты. Жамбыл аудандық мәдениет үйінде де ұжым болып сағат тілі 11.00 соққанда латын тіліндегі "Ruhani jangyru" атты диктантты жазуға кірісіп кеттік. Қазақ тілінің көркемділігін арттырып, сөз сұлулығын айқындайтын латынға көшуді біздің ұжым да бір ауыздан қолдайды. Айналасы 15 минут ішінде диктант тәмамдалып, қатысқан 61 адамның ішінде 65% жоғарғы дәрежеде жазып шықты. Бұл шара алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз