Бүгін:
kz ru

"Жомарт жүрек" қайрымдылық акциясы

    Жамбыл ауданы, Аса ауылы Жастар рессурстық орталығының мәжіліс залында ауыл, аудан көлемінде бірнеше жыл қызметтер жасап, саналы ғұмырын мемлекеттік қызметке арнаған айтулы ағамыз, дүние салғанына жылдың жүзі толған Рахметхан Жігітекұлын еске алуға арналған қайрымдылық акциясы болып өтті. Акцияда ағамыздың қарындасы Сейткүл анамыз сөз алып, жалпы көпшілікке тілек білдірді. Ауыл ақсақалдары мерекелі, берекелі кеште ақ баталарын жаудырды. Әлеуметтік аз қамтылған, жағдайы төмен 30 дан астам отбасының әрқайсысына 50 000 тг көлемінде қаржылай көмек жасалды. Осындай акцияны ұйымдастырған аудан басшылары мен Жігітековтер әулетіне жалпы көпшілік жақсылық тілеп, жақсы күндерде жолығуды қалап тарқасты.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз