Қала күні
27 Қазан Та
раз қаласының "Қала күні" мерекесі шаһар бойынша үлкен көлемде аталып өтілді. Қала қайта түлеп, 20 жуық мәдени нысандар ашылды. Тарихы терең Таразымыздың туған күніне тарту жасап Жамбыл ауданының өнерпаздары мен азық-түлік, қолөнер шеберлерінің керуені арнайы жетті. Қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлап, ұлттық өнерден көпшілікке сый жасады. "Аса сазы" халықтық ансамблі, "Үміт" қыздар триосы, "Әдемі ай" дуэті, ҚР мәдениет с аласының үздіктері Н. Исаева, Г, Лукманов, тб жас өнерпаздар өнерлерін көрсетті.
