Бүгін:
kz ru

Жаңа жыл мерекесі

    








 Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылының орталық алаңында Жаңа жылдық карнавалдық кеш өтті. Орталық алаңға түрлы-түсті жарқыраған шамдары бар, мерекелік әсем шырша орнатылды. Ауыл тұрғындары мен қонақтары, ауыл жастары шат-шадыман көңіл-күйде алаңнан табылды. Мерекелік кеш басын аудан әкімі Б. А. Қазанбасов ашып, жылды қорытындылап аудан жұртшылығын мерекемен құттықтады. Әрі қарай аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары сахнаны әсем ән мен күйге бөледі. Аудан орталығында орналасқан білім мекемелері де мерекеге ат салысып ыстық бауырсақтары мен карнавалды костьюмдерімен көпшілікті назарын аудара білді. Талай дарындар мен дараларды дүниеге келтірген Жамбыл ауданы өнер саңлақтарына кенде болған емес. Ауыл жастары кеш соңын әсем әнге, мың бұрала билеген биге жалғап көңілді тарқасты. 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз