16 Желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күні ұлттық мерекесі.
15 Желтоқсан сағ: 15:00 де Жамбыл аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні ұлттық мерекесіне орай салтанатты жиын болып өтті. Жиын басын аудандық маслихат хатшысы Р. Ә. Бегалиев ашып, жыл қорытындысы бойыншы ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына қомақты үлес қосып жүрген түрлі сала қызметкерлері облыстың, ауданның құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды. Бірқатар салаға демеушілік жасап, қолдау көрсетіп жүрген кәсіпкерлер де алғыс хаттармен, аудан әкімі атынан тағайындалған бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шараның соңы аудандық мәдениет үйінің "Дарын" халықтық театрының қойылымымен ашылып, жезтаңдай әншілердің әуезді әндерімен жалғасын тапты.









