Бүгін:
kz ru

ҚР Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекесі

        2017 жылдың 30 қарашасы күні аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекесіне орай салтанатты жиын болып өтті. Жиынның ашылуындағы алғашқы сөз кезегін аудан әкімі Б. А. Қазанбасов алып, көпшілікті мерекемен құттықтады. Мерекеге орай ауданның дамуы мен өркендеуіне ат салысып жүрген түрлі сала белсенділерін аудан әкімінің құрмет грамотасымен, алғыс хатымен және НұрОтан партиясының құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапаттады.

      Сонымен қатар аудандық мәслихат хатшысы Р. Ә. Бегалиев сөз сөйлеп, бірқатар азаматтарды Жамбыл ауданының құрмет грамотасымен марапаттады.

    Салтанатты жиын соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының өнерімен басталып, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Халықаралық, Республикалық конкурстардың лауреаты, Қазақстан Республикасының «Мерейлі отбасы» конкурсының II дәрежелі лауреаты, БҰҰ «Құрмет белгісі» орденінің иегері, профессор Аман Малдыбаев және «Көне Тараз» отбасылық ансамблінің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Жиналған көпшілік бір сәт қоңыр үнді домбыра мен нар қобыздың үнінен, төккен күйіне құлақтың құрышын қандырып, разылықпен тарқасты.

ҚР Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекесі 1-желтоқсан күні де жалғасты. Аудан әкімі Б. А. Қазанбасов құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен және ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосып жүрген ауыл шаруашылығы еңбеккерлерді бағалы сыйлықтармен марапаттады. Аудан жұрты орталық алаңға жиылып мерекелік шараны әрі арнайы ауыл шаруашылығы еңбеккерлері күніне ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне қатысты.









Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз