Бүгін:
kz ru

Жамбыл аудандық мәдениет үйінің "Дарын" халық театры Байзақ ауданында

Жамбыл аудандық "Дарын" халық театры Байзақ ауданына қонаққа барды. Байзақтық көзі қарақты көрерменге Б. Мұқайдың "Сергелдең болған серілер" комедиясын ұсынып, көрерменнің ықыласына бөленді. ОХШО бастамасымен басталған бұл шара әрі қарай да жалғасын табатын болады. Бұл халық театрларының өзара тәжірибе алмасуына, ұжымдардың шығармашылығы мен ізденістеріне оң әсерін тигізетіні даусыз. Халыққа мұңлы трагедия ұсынып көзге жас үйірі қиынға соға қоймас, алайда шынай күлкі сыйлай отырып ой тастау нағыз шеберлік болса керек. Осы орайда "Дарын" халық театрының әртістері барын салып, сахнада аянып қалған жоқ. Оны қойылымнан соң көрермендердің режиссер мен әртістерді арнайы іздеп келіп алғыстарын айтқандарынан білуге болады. 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз