"Жамбыл - менің жай атым, Халық - менің шын атым" атты республикалық ақындар айтысының іріктеу кезеңі
Бүгін Жамбыл ауданына қарасты Бірлесу Еңбек және Айша бибі ауылдық округтерінде "Жамбыл-менің жай атым, Халық -менің шын атым" атты республикалық ақындар айтысының ауыл ақындары арасында іріктеу кезеңі өтті. Ауылдық іріктеуге барлығы 14 ақын яғни 7 жұп ақын қатысты. Айтыста басым көпшілік жастар болды. Бұл төл өнерімізге деген жастардың ерекше қызығушылығын байқатса керек. Іріктеу кезеңінде қазылық еткен Елімізге танымал талай ақынның ұстазына айналған ақын, қажы, Айтмұханбет Исақов пен Аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Ж. Жандаралиев іріктеудің жоғары деңгейде тартысты өткенін айтып отыр. Барлық ауылдан келген ақындар іріктеліп 20 қаңдар күні аудандық айтысқа 5 жұп ақын жолдама алды. Енді олар облыстық жолдама үшін бақтарын сынайтын болады.
