Бүгін:
kz ru

«Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының алғышарттары»

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының алғышарттары» жобасы аясында  жемқорлыққа қарсы іс-шараларды  барлық өңірлерге енгізу тапсырылған болатын. Осыған орай 2019 жылы жұмысын бастаған «Адалдық алаңы» жобасының мақсаты - мемлекеттік қызмет беру бағытында сыбайлас жемқорлықты азайту, халықтың мемлекеттік билік органдарына деген сенімін арттыру болмақ. Осы мақсатта   2019 жылдың  2 қыркүйегі күні Шу қалалық  мәдениет үйінде «Жастар» орталығы,  №2 аудандық орталықтандырылған кітапхана, №3 қалалық кітапхана және мәдениет үйі  ұжымдарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының алғышарттары» атты іс-шара өткізілді. Іс-шарада арнайы шақыртылған қонағымыз  - Семей ядролық мүгедектері мен ардагерлері, Жамбыл облысы , Шу ауданының ерекше тәуекелді бөлімшелері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қарғабаев Бектен Әбішұлы  сөз сөйледі. Іс-шара соңы пікір таласқа ұласты.

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз