Бүгін:
kz ru

4 маусым-Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған мерекелік концерт

4 маусым - Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн.  Еліміздің мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Әнұраны – салтанат құрған күні. Қазақстандықтар үшін, Рәміздер күні елдіктің тірегін сақтаушы өскелең ұрпақ пен оның патриоттық тәрбиесі үшін ерекше күн ретінде саналып, қастерлі мереке болып аталып келеді. Осы дәстүрден жаңылмай бүгінде Рәміздер күніне арнап қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қалалық әкімшілік  алаңында  «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты сазды бағдарлама өтті. Сазды бағдарламаны «вокал» үйірмесінің  жетекшісі Н.Болаева жүргізіп,  А.Сарменова, Б.Бойдакова,  Н.Калашникова, Н.Амангелді сынды әншілер патриоттық әндерін халыққа тарту етті.

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз