Бүгін:
kz ru

«Бала деген – бір бақыт» атты мәдени іс-шара

1 маусым –Халықаралық балаларды қорғау күні. Балалар – бұл біздің болашағымыз. Бастаған ізгі істеріміздің жалғастырушысы, үкілеп ұшырған үміт-құсымыздың қанаты. Балалар – тыныштық символы. Балалар – мейірім тотемі. Осы себепті олардың бақытты болуы үшін ештеңе аямаймыз. Ел ертеңі – балаларға қамқорлық көрсету, олардың балалақ шақтарының уайымсыз өтуіне қорған болу-аға буынның жас ұрпаққа берер ең үлкен сыйы. Тәуелсіз еліміздің бүлдіршіндерінің қамсыз күндеріндегі ұмытылмас сәттердің бірі бүгінгі «Бала деген – бір бақыт» атты мәдени іс-шарамыз. Мәдени іс-шарамыз Айгөлек байқауына қатысқан бүлдіршіндеріміздің және Шу қалалық мәдениет үйінің әншілерінің қатысуымен Шу қаласының Теміржолшылар саябағында өткізілді. Шу қаласы әкімінің орынбасары Нұрғалиев Жеңіс Сейсеналыұлы әкімнің атынан барлық балаларды мейрамдарымен құттықтап , тегін балмұздақтар таратты.
Іс-шарада Айгөлек байқауында орын алған үміткерлер мен белсене қатысқан үміткерлердің барлығына сыйлықтар мен диплом тапсырылды.
 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз