Бүгін:
kz ru

«Айгөлек» қалалық ән-би байқауы

Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 30 мамырда  - Балаларды қорғау күніне орай дәстүрлі «Айгөлек» қалалық ән-би байқауы өткізілді. Байқауға қала-ауыл мектептерінен 26 үміткер қатысты. Ереже бойынша қатысушылар 2 номинация бойынша өнерлерін көрсетті. Әділқазылар алқасының мүшелері Шу  қалалық   мәдениет үйінің - көркемдік жетекшісі – Самбекова Айнұр Қошанқызы,  вокал үйірмесінің жетекшісі – Болаева Надира Азимханқызы , қалалық мәдениет үйінің хореографы – Кутякова Светлана Ивановна өнерпаздардың  өнерлерін саралай келе ,  Бас жүлдені Би номинациясы бойынша М.Дулати  мектебінің «Көркем-ай»  кіші топ бишілері,  І-ші орынды Шу қалалық мәдениет үйінің жанынан құрылған "Ай-Жұлдыз" бишілер тобы, ІІ-ші орынды "Қосқұдық" бала бақшасының тәрбиеленуші бүлдіршіндері, ІІІ-ші орынды Төле би мектебінің «Айналайын» бишілер тобы иеленсе, "Ән" номинациясы бойынша Бас жүлдені Ы.Алтынсарин мектебінің оқушысы Абдахметова Маржан, І-ші орынды Әділ Ақылбекұлы, ІІ-ші орынды Жиенбек Азамат , ІІІ-ші орынды  Нартай Айгерім және Гребюнев Роман иеленді. Марапаттау рәсімі 1-маусым күні «Бала –деген – бір бақыт» атты іс-шарада жалғасын тапты. Орын алған үміткерлер мен  белсене қатысқан үміткерлердің барлығына сыйлықтар мен диплом тапсырылды.
 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз