Бүгін:
kz ru

«Тарихтың ақтандақ іздері...»

Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 24 мамырында 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық  құрбандарын еске алу күніне орай   «Тарихтың ақтандақ іздері...» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Дөңгелек үстелге Шу ауданының мемлекеттік архиві, №3 қалалық кітапхана  қатысты. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық  құрбандарын еске алу үшін 1 минут үнсіздік жарияланды.

Шу ауданының мемлекеттік архивінің   2-дәрежелі  архивисті Аханов Бахытжан Рахметәліұлы: «Ашаршылық жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтау, өткенге салауат етіп, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, ұғыну – бүгінгі ұрпақ парызы»  екенін атап өтті.

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз