«Жан шуағы» атты қайырымдылық концерті
2019 жылдың 22 мамырында Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен А.С.Макаренко мектеп оқушыларына арналған «Жан шуағы» атты қайырымдылық концерті ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шараны қалалық мәдениет үйінің мәдени қызметкері Н.Сансызбаев жүргізіп, мәдениет үйінің өнерпаздары әндерін тарту етті. Көрермендер мәдениет үйінің өнерпаздарына алғыстарын жаудыра айтып, осындай іс-шаралардың жиі болып тұруын жеткізді. Ал қалалық мәдениет үйі ұжымы осындай игі іс-шараның өтуіне Макаренко мектебінің директоры А.Тастанова ханымға, мектеп-интернатының меңгерушісі Г.Адамжановаға, педагог ұйымдастырушы А.Жиреншиева, тәлімгер З. Жайсанова сынды ұстаздарға алғыстарын айта тарасты.