Бүгін:
kz ru

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара

20 мамыр - күні Шу қалалық мәдениет үйінің жылдық жоспарына сәйкес, №3 қалалық кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жемқорлық ғасыр дерті» атты дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылып өткізілді. Дөңгелек үстел отырысына Умаров Гулам Мухтарович - Облыстық қан орталығының директоры, облыстық мәслихат депутаты, Сұлтанбаев Найман Кенжеханович "Nur Otan" партиясы Шу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Атайбеков Медет Нұрғазыұлы Шу аудандық жастар ресурстық орталығының дін істері және ақпараттық талдау бөлімінің аға инспекторы және Алдан Алмас Рахметілдаұлы "Nur Otan" партиясы Шу аудандық филиалының кеңесшісі  қатысты. Жиын барысында «Сыбайлас жемқорлық» қатысушылар пікір алмасып, сұрақтар қойылып, жемқорлықтың алдын алу жолында атқарылып жатқан шаралармен таныстырып өтті. Жиналыс қорытындысы бойынша мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және оған жол бермеу, мемлекеттік корпорацияның жұмыскерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін нығайту ұсынылды.

Шу қалалық мәдениет үйінде үнемі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шаралары мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.



 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз