1 мамыр мерекесіне орай «Менің Отаным-Қазақстан» атты сурет байқауы
Шу қалалық мәдениет үйі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 1 мамыр мерекесіне орай «Менің Отаным-Қазақстан» атты мектеп оқушылары арасында 2019 жылдың 23 сәуірінде сурет салу байқауын өткізді. Сурет салу байқауы бойынша №40 мектеп, Ы.Алтынсарин және Жамбыл гимназиясынан барлығы 30 оқушы сынға түсті. I орынды Жамбыл гимназиясының 7 «а» сынып оқушысы Әзімхан Диана, II орынды Жамбыл гимназиясының 6 «а» оқушысы Исак Карина, III орынды №40 мектептің 7 «а» сынып оқушысы Молдағали Фарида иеленді. Қалған 27 оқушы белсене қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды.




