Бүгін:
kz ru

«Татулық – достықтың киелі бесігі»

2019 жылдың  1 мамырында Шу қалалық әкімшілік алаңында  Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен  Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне арналған «Татулық – достықтың киелі бесігі» атты іс-шара өтті. Бұл мереке – халықтар мен ұлыстар достығының алтын көпірі, дәстүрлі дәнекері. Бұл мереке – Қазақстанды өзінің Отаным  деп санайтын жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан көп ұлтты республикамыздың өзіндік бір бейнесі.

Айтулы мерекеде Шу  ауданының әкімі Айтақов Жарылқасын Әбдіғапарұлы барлық тұрғындар мен қонақтарға мерекелік құттықтауын арнады. Іс-шараға Шу қаласының мектептері, Саз мектебі мен колледж білімгерлері қатысты. Салауатты өмірді насихаттау барысында «Шоу Либерти» мотоклубы мен Шу аудандық «Автомото Федирациясы»  алаңда жүріп өтті. Соңы Шу қалалық мәдениет үйінің өнерпаздарының сазды бағдарламасына ұласты.

         

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз