Бүгін:
kz ru

"Терроризм мен экстремизм – елімізге төнген қауіп" атты іс-шара


2019 жылдың 15 сәуірінде сағат 11.00-де Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен діни экстремизм мен терроризмге қарсы №3 қалалық кітапханада «Терроризм мен экстремизм – елімізге төнген қауіп» атты мектеп оқушыларына дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің 7 «а» сынып оқушылары қатысты.

  Дөңгелек үстел өткізудегі мақсатымыз:

 - Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;

 -Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;

-Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз