Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру мақсатында «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атты тақырыпта көрме
Шу қалалық мәдениет үйінің бекітілген жоспарына сәйкес 2019 жылдың сәуір айының 9 күні аудан орталығында орналасқан «Өнер мектебінде» қатысуымен Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру мақсатында «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атты тақырыпта көрме ұйымдастырылды. С.Сейфуллин мектебінің және Т.Рысқұлов мектебінің оқушылары келіп, көрме жұмыстарын тамашалады. Көрмеге «Қолданбалы сәндік өнері мен Бейнелеу өнерінің» жұмыстары қойылды. Қолөнер жұмыстары «Ши тоқу» өнері, жүннен жасалған жұмыстары, жапсырмалау, су моншақпен жасалған бұйымдар, кесте, тоқыма өнерлерінің жұмыстары көрсетілді. Бейнелеу өнері бойынша майлы бояумен, түрлі түсті қаламмен, батик, гуажьбен салынған суреттер көрмеге қойылды. Көрмені ұйымдастырған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тулешева Салтанат Ыдышқызы мен Шу қалалық мәдениет үйінің «Жастармен жұмыс жасау» бөлімнің бөлім меңгерушісі Копбосынова Маржан Амангелдиевна ұйымдастырды.