Көкпар ойыны
Көкпар ұлттық дәстүрдi дамытуға, жастарды жiгерлiлiкке тәрбиелеуге бағытталған қазақ халқының бүгiнгi заманға жеткен бiрден-бiр ұлттық ойыны, бұл қанмен келген қасиет. Мақсатымыз осы ұлттық ойынды әлемдік деңгейге көтеру. Ол үшін ат пен көкпаршының шеберлігін көрсету керек деп санаймыз.
Бұл іс-шара 15 наурыз күні Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Көктөбе ауылында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының «Атқа міну мәдениеті» аясында «Көкпар – ұлттық ат спорты» ойыны ауданымыздың әр ауылдық округі жастарының қатысуымен өткізілді.



