Алғыс айту күні
2019 жылдың 1 наурызында қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 1 наурыз – «Алғыс айту күні» мерекесіне арналған «Алғысым шексіз туған ел!» атты мерекелік сазды бағдарлама өткізілді. Іс-шараға С.Сейфуллин мектебінің тәлімгері А.Өмірзақ 9,10 сынып оқушыларымен, Шу ауданының мемлекеттік архиві, «Жастар орталығының» ұжымдары шақырылды. Мерекелік құттықтау сөз Шу ауданының мемлекеттік архивінің 2-дәрежелі архивисті Аханов Бахытжан Рахметәліұлы көрермендерді мерекесімен құттықтап, соңынан мәдениет үйінің жезтаңдай әншілері Н.Сансызбаев, Б.Бойдақова, А.Сарме
нова әндерін тарту етті.