Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл
Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 12 ақпан күні сағат 15.00-де Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Біз бірлесе жеңіске жеттік» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Іс-шараға ауған соғысының ардагерлері Тұрысбаев Мұрат Рзаханұлы, Молдамұратов Нұрғиса Көбенұлы, Асанов Бауыржан Серікұлы және де Шу қалалық әкімшілігінің бас маманы Ақжолов Сабит, сонымен қатар Шу қалалық №40 шағын орталықты мектеп-лицейінің 8 «б» сынып оқушылары, сынып жетекшісі Абитова Алия Қазыкенқызы шақырылды. Сценарий бойынша Тажен Айсұлу, Сатыбалды Мадина, Оразбай Аяжан, Жартыбай Ерұлан сынды белсенді оқушылар ардагерлерге тақпақтарын арнап, ауған соғысы ардагерлеріне сұрақтарын қойды. Сонымен қатар мәдениет үйінің өнерпаздары Н.Амангелді, Б.Сатыбеков, Н.Болаева, Б.Бойдақова, А.Сарменова, Н.Сансызбаев, М.Азаматов, Е.Мамықбаев ардагерлерге әндерін тарту етті.
Кездесу соңынан мәдениет үйінің директоры М.Аденов ардагерлерге шағын сыйлықтарын және белсене қатысқаны үшін оқушыларға алғыс хатын тапсырды.







