«Терроризмге қарсы күрес туралы» Заң
2019 жылдың 30 қаңтарында сағат 11.00-де Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңын мектеп оқушылары және мәдениет қызметкерлеріне таныстыру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға С.Сейфуллин атындағы орта мектебі директорының құқық ісі жөніндегі орынбасары Айтқұлова Меруерт Жұмаділқызы және 9 «а» сынып оқушылары қатысты. Іс-шараны мәдениет үйінің мәдени қызметкері Н.Болаева жүргізіп, мәдениет үйінің әншілері А.Сарменова, Б.Бойдақова әндерін іс-шараға қатысушыларға тарту етті.
Іс-шараға қатысушылар мәдениет қызметкерлеріне рахметін айта отырып, осындай іс-шаралардың жиі өткізілуін айта, тарқасты.