жаңа жылдық балмаскарад
2018 жылдың 31 желтоқсан күні сағат 19.00-де Шу қалалық әкімшілігінің алаңында қала тұрғындарына арналған Жаңа жылдық кеш өткізілді. Алдымен сахнаға сайқымазақтар шығып, халықты Жаңа жылымен құттықтап, кештің басталғанын хабарлады. Кештің жүргізушілері Нұрсұлтан Сансызбаев пен Надира Болаева сценарий бойынша Жаңа жылдық өлең шумақтарымен халықпен амандасып, кешке қадірлі қонақтардың келе жатқандығын хабарлады. Мәдениет үйінің жаңа жылдық кейіпкерлері қонақтарды қарсы алды. Аудан әкімі Қ.Ә.Досаев жанында Аяз ата, Ақшақарларымен сахнаға көтеріліп, қала тұрғындарын Жаңа келе жатқан Доңыз жылымен құттықтады. Соңынан аудан әкімінің отшашуы беріліп, қалалық мәдениет үйінің әнші,бишілері жиналған халықты мерекелік көңіл күйге бөледі.


