Мәуліт мерекесі
«Мәуліт мұсылман елдерінің құрметті мерекесі» атты іс-шара
2019 жылдың 16 қаңтарында сағат 11.00-де Шу қалалық мәдениет үйінің бекітілген жылдық жоспарына сәйкес, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туылған күні «Мәуліт» мерекесіне орай аудан мешіті имамымен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Шу ауданының бас имамы Аят Дыбысұлы және №40 шағын орталықты мектеп-лицейінің дінтану пәнінің мұғалмі М.Суанбекова, педагог-ұйымдастырушы С.Нилбаева және 9 сынып оқушылары қатысты. Мәуліт айын тойлаудағы негізгі мақсат-Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың іс-әрекеттерін насихаттау, салауаттар айту, жастарға имандылық қағидаттарын түсіндіру, оларды отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтауға шақыру болып табылады.
Ауданымыздың бас имамы А.Дыбысұлы іс-шараға қатысушыларды Мәуліт мерекесімен құттықтап, оларға осынау айтулы мейрамда «Алла Елшісінің (с.ғ.с.) сүннетіне көбірек амал етіп, өсиеттерін тереңірек түсінуді нәсіп етіп, бұл айда адамдар арасында татулық, мейірім, ынтымақ арта түссін дей келе Мәуліт айында Аллаға мадақ айтып, ардақты Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтып, садақа беріп, жақсылық жасаудың сауабы теңдессіз екенін,сондықтан уақытымызды босқа өткізбей Құран оқып, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өмірі мен өнегесі жайлы кітап оқып ғибрат алайық.» - деп сөзін аяқтады. Және де бүгінгі өткізіліп отырған іс-шара ұйымдастырушыларына рахметін айтып, «Мәуліт мерекесі мүбәрәк болсын» атты кітапшаларды оқушыларға таратты. Соңынан іс-шараға қатысушылар мәдениет үйінің жезтаңдай әншілері Б.Бойдақова, Н.Сансызбаев, М.Азаматов, Н.Амангелді сынды өнерпаздардың өнерлерін тамашалап, естелікке суретке түсті.





