Аяз Ата, Ақшақар байқауы
2018 жылдың 21 желтоқсан күні сағат 15.00-де Шу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Жаңа жылдың басты кейіпкерлері «Аяз ата, Ақшақар және қосымша кейіпкерлері» байқауы өткізілді. Байқауға қала, аудан мектептерінен 6 мектеп қатысты. Байқаудың әділқазылары Шу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Файзуллина Қарлығаш, Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы » директорының орынбасары - Қойбағаров Ғани және Шу қалалық мәдениет үйінің режиссеры Тұрлыбекова Күннұр байқауда өнер көрсеткен үміткерлерді әділ бағалап, белсене қатысқаны үшін С.Сейфуллин мектебі, Қонаев ауылының Төлеби ауылдық мектебі, А.С.Макаренко мектебін бағаласа, І-орынды Төлеби ауылының С.Шакиров мектебіне, ІІ-орынды №40 мектеп-лицейіне, ІІІ-орынды М.Мақатаев мектебінің үміткерлерін марапаттап, сыйлықтарын табыс етті. Соңынан барлық қатысушыларға, көрермендерге Шу қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды.


